Жоғалып қалмау үшін таңдаулыларға қосыңыз
Сипаттама
Сипаттама
Black Rose топтамасының сараптамалық сарысуының формуласында екі қуатты инновациялық кешен бар. Олар терінің табиғи жарқырауын ашып, жасушалардың жасырын қартаюынан қорғайды. Оның негізгі себептерінің бірі — оксидативті стресс. Бірінші кешен «Жарқыраған жастық» (Radiant Youth) технологиясына негізделген. Ол теріміздің жарқырауын анықтайтын бірден төрт көрсеткішке әсер етеді: 1. Серпімділік Гиалурон қышқылы мен биосахаридтердің әсерінен тері қарқынды ылғалданып, нәрленіп, серпімділікке ие болады. 2. Текстура Лимон сығындысы нәзік микроқабыршақтануды қамтамасыз етіп, тері текстурасын жақсартады. Тері тегіс әрі жұмсақ болады. 3. Тонус Жүзім жапырақтарының сығындысы терінің өмірлік күшін арттырып, микроциркуляцияны ынталандырады және сау, балғын өңді қалпына келтіреді. 4. Жарқырау Бір дәнді бидай сығындысы теріден токсиндерді шығаруға көмектесіп, оның жарықты шағылыстыру және шашырату қабілетін жақсартады. Антиоксиданттық және қабынуға қарсы кешен тері жасушаларын ультракүлгін сәулелер мен ластанудан туындайтын оксидативті стресстен қорғайды және оның жарқырауын ұзартады. Жаңа әрі негізгі ингредиент — антоциандарға бай, қуатты антиоксидант болып саналатын қара раушанның молекулалық сығындысы. Кешен құрамына Ascophyllum nodosum балдырларының сығындысы мен B12 дәрумені де кіреді. Бірлесіп әсер ете отырып, бұл ингредиенттердің барлығы теріні қорғауға және тыныштандыруға көмектеседі. Бірден — тері серпімді әрі тегіс көрінеді, өңі балғын әрі сау болады. Күн сайын — сарысу терінің жарқырауын ұзартып, күшейтеді. Оның серпімділігі артып, текстурасы жақсарады, тері тесіктері азырақ байқалып, өң реңкі тегістеледі. Жаңарған әрі нығайған тері жас көрінеді. Қаптаманың озық технологиясының арқасында сарысу формуласы алғашқы қолдануға дейін ауа мен жарықтан толық қорғалған. Ультражұқа, жабысқақ емес текстурасы тез сіңіп, бірден балғындық пен жайлылық сезімін сыйлайды. Раушан, магнолия және герань ноталары бар Black Rose топтамасының культтік хош иісі сезімдерді оятып, тері күтімін талғампаз ләззатқа айналдырады. *Сарысуды екі ай бойы күніне екі рет қолданған 30 әйелдің пікірлері бойынша. Алғашқы қолданар алдында фольганы алып, формуланы белсендіру үшін түймені 5 рет басыңыз. Флаконды жақсылап шайқаңыз, содан кейін ақ қақпақты алып, пипеткасы бар аппликаторды салып, шерт еткенше бұраңыз. Сарысу қолдануға дайын. Аппликаторды алған кезде өнімнің оңтайлы мөлшері автоматты түрде өлшенеді. Таңертең және кешке таза, құрғақ бет пен мойын терісіне жағыңыз. «Көбелек» техникасын қолданып, өнім толық сіңгенше теріні жұмсақ уқалаңыз. Black Rose Skin Infusion Cream қара раушан сығындысы бар кремімен бірге қолдану ұсынылады. Ең жоғары тиімділікті қамтамасыз ету үшін ашып, белсендіргеннен кейін 6 ай ішінде қолдану ұсынылады.
Құрамы
Құрамы
AQUA/WATER/EAU, ROSA CENTIFOLIA FLOWER WATER, PROPANEDIOL, GLYCERIN, ALCOHOL DENAT., PENTYLENE GLYCOL, ASCOPHYLLUM NODOSUM EXTRACT, SODIUM HYALURONATE, BIOSACCHARIDE GUM-1, CITRUS LIMON (LEMON) FRUIT EXTRACT, ROSA HYBRID FLOWER EXTRACT, VITIS VINIFERA (GRAPE) LEAF EXTRACT, CYANOCOBALAMIN, HYDROLYZED VEGETABLE PROTEIN, MICHELIA ALBA LEAF OIL, PELARGONIUM GRAVEOLENS OIL, ROSA DAMASCENA FLOWER OIL, POLYGLYCERYL-10 STEARATE, GLYCERYL CAPRYLATE/CAPRATE, POLYGLYCERYL-10 OLEATE, MALTODEXTRIN, CELLULOSE GUM, CARBOMER, SODIUM CITRATE, BUTYLENE GLYCOL, CITRIC ACID, ALGIN, SODIUM BENZOATE, POTASSIUM SORBATE, LINALOOL, PELARGONIUM GRAVEOLENS FLOWER OIL, CITRONELLOL, GERANIOL, BETA-CARYOPHYLLENE, CITRAL, PINENE, TERPINEOL, GERANYL ACETATE. IL#10A
Қосымша мәліметтер
Қосымша мәліметтер
Өлшемі
30 мл
Жынысы
әйелдер
Қолдану әдісі
Бет
Топша
Маскалар мен сарысулар
Артикул
132080
Дүкендердегі қолжетімділік
Дүкендердегі қолжетімділік
Жеткізу және қайтару
Жеткізу және қайтару






